Аймақтық азық-түлік тұрақтандыру қорларының операторларын несиелеу мәселесі талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аймақтық азық-түлік тұрақтандыру қорларының операторларын несиелеу мәселесі талқыланды

Аймақтық азық-түлік тұрақтандыру қорларының операторларын несиелеу мәселесі талқыланды

ҚР экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссиясы аймақтық азық-түлік тұрақтандыру қорларының операторларын несиелеу мәселесін талқылады, деп жазыпты премьер-министр Кәрім Мәсімов Twitter-ге.

  • 24 Маусым 2011
  • 371
Фото - Caravan.kz

«Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткіздім. Ауыл шаруашылық пен индустриалдандыру мәселелерін қарадық», — деп жазылған жұма күні К. Мәсімовтың Twitter-дегі парақшасында.

Ал pm.kz сайтындағы блогта мемлекеттік комиссия аймақтық азық-түлік тұрақтандыру қорларының операторларын несиелеу, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің егін жинау жұмыстарын қаржыландыру мәселелерін талқылаған.

«…Аймақтарды 2011 жылы азық-түлік бидайымен қамтамасыз ету бойынша ақпаратты тыңдадық», — деп жазыпты премьер-министр блогында.

Оның ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, ірі инвестициялық және индустриалды жобалардың жүзеге асырылу барысы мен Алматыдағы «Сайран» мегаауданының құрылысын аяқтау мәселесі қаралды.

Соңғы жаңалықтар