Аймақтық сайлау комиссиялары "Қазақстанның демократиялық таңдауы" бірлестігінен аты ұсынылған 446 кандидаттың 315-ін тіркеді - демократиялық оппозицияның үйлестіру кеңесі
Аймақтық сайлау комиссиялары "Қазақстанның демократиялық таңдауы" бірлестігінен аты ұсынылған 446 кандидаттың 315-ін тіркеді. Бұл туралы бүгін, 6-тамызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында демократиялық оппозициялық күштердің республикалық штабы үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары Асылбек Қожахметов хабарлады. Бірлестіктен аты ұсынылған 131 кандидатты тіркеуден бас тартылған.