Аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысында ақтөбелік кәсіпкерлердің жеті жобасы мақұлданды
Облыстық әкімдікте өткен аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында жергілікті кәсіпкерлердің жеті жобасы мақұлданды. |
«Даму КДҚ» АҚ филиалының бас менеджері Берік Нұрғалиевтің айтуынша, төрт жоба көлікті және арнайы техниканы, үшеуі жабдықтар және ғимаратты сатып алумен байланысты болды. Бұл ретте кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдендіру сияқты құралдарын қолданды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін