Айнұр Тұрсынбаева енді шұжық шығара бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айнұр Тұрсынбаева енді шұжық шығара бастады

Айнұр Тұрсынбаева енді шұжық шығара бастады

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева енді шұжық шығара бастады.

  • 8 Қыркүйек 2020
  • 1699
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ақынның instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ал сүйінші…! “АЙДЫҢ НҰРЫ” деген атпен халал шұжықтары сатылымға шыға бастады… Шұжықтың 10 шақты түрін, оның ішінде “Қазақстандық” деген атпен тұңғыш рет шығып жатқан өнімдерді сіздерге ұсынамыз… Халал сосикалар, сарделькаларды да шығарып жатырмыз.. Бағасы қол жетімді! Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы тексеріп берген халал сертификаты бар. Малдардың ислам шарттарымен бауыздалып сойылатынын да айта кеткім келеді…Енді тек Қазақстанның әр аймағынан дистрибьюторлар іздейміз… Тек қана тәжірибелі, сенімді адамдармен жұмыс жасаймыз", — деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Еске салсақ, белгілі ақын Айнұр Тұрсынбаева "Айдың Нұры" атты жеке қор құрған болатын және көптеген мұқтаж жандарға қол ұшын созуды қолға алған. Сондай-ақ  оның бұған дейін карантин кезінде елімізге шетелден жүздеген оттегі концетраторын жеткізгені мәлім. 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury) on