Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
"Қит етсе “өзің өзгерсең өмірің өзгереді” деген сөздерден шарашған шығарсыздар… Бірақ ол шындық..!
Қарапайым бір нәрсе айтайын… Адамның ойының магнитше жұмыс жасайтыны дәлелденген! Жыланған сайын, қиналған сайын өміріңіз одан сайын сұрықсыз болып бара жатқанын көріп жүрсіз ғой, мойындаңызшы… Жақсы жұмыс керек пе?! Табатыныңызға сенімді болыңыз..! Жақсы күйеу керек пе?! Жалпы ер азаматтар туралы жақсы ойлай беріңіз…
Кездесе қалған азаматтың жақсы жағына іздеңіз… Айналаңыздан ер мінезді, нағыз жігіттер көріне бастайды… Берекелі, бақуатты өмір сүргіңіз келе ме?! Алдымен қолыңыздағы бар нәрсеге шүкірлік етіңіз.. "Қолыма 10 миллион теңге түссе не істер едім?!” деп ойланып жүріңіз…
Жаман ойларға ерік беріп, қайғының жетегінде кетпей тоқтатып үйреніңіз..! Сіз мінген автобус басқа жаққа кетіп бара жатса “ойбай, тоқтатыңыз, түсіп қаламын” деп шыңғырасыз ғой.. Жаман ой адасқан көліктен жаман! Өткен өмірге өкіне беру болашақты құртады…
Қырық жылғы боқты шұқылап сасытудың қажеті қанша?! Аллаға шүкір еткен сайын бәрін береді..! Дәл қазір өзіңізді қинап болса да жымиып қойыңыз да “Мен ең бақытты адаммын, Аллаға шүкір” деңізші…" — деп жазба қалдырды.
Желідегі оқырмандар. "Дұрыс айтасыз, бастысы сенім. Жақсылыққа сену керек болды","Мен сізді жақсы көрем","Жаман ой ойласам менде де бәрі жаман жаққа кетеді, жақсы ойласам жолым ашылып, мүмкіндіктер пайда болады", — деп пікір қалдырды.