Айнұр Тұрсынбаеваның зәулім сарайын көпбалалы ана ұтып алды (Видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айнұр Тұрсынбаеваның зәулім сарайын көпбалалы ана ұтып алды (Видео)

Айнұр Тұрсынбаеваның зәулім сарайын көпбалалы ана ұтып алды (Видео)

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ұйымдастырған байқау өз мәресіне жетті.

  • 5 Қараша 2019
  • 9063
Фото - Caravan.kz

Белгілі ақынның зәулім сарайын көпбалалы ана ұтып алды.

Бұл туралы Айнұр Тұрсынбаева instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Сонымен көптен күткен ұтыс та бітті. Тікелей эфирлерде 5 парақшадан 40 мыңнан аса көрермен қарап отырды. Залда 3 мыңға жуық адам болды. 7 сағат тікесінен тік тұрып тұрғандарға тағы ұтыс ұйымдастырдық. Халықтың 99% риза.

"Мен дым ұтпадым, бәрі өтірік"деп жазғандар да болыпты.

Көңілімде қылаудай арамдық болмағаны Аллаға аян.
Бас аяғы 1000-ға жуық сыйлық таратылды. Ең қымбат пентхаусты ұтып алған Бибінұр Тапаеваға хабарласып "сүйінші, сіз пентхаус ұттыңыз" десек, "мен негізі қажылықтың жолдамасын ұтып алғым келіп еді" демесі бар ма?! Сөйтсе ол кісі пентаухстың не екенін де ұқпапты", — деп Айнұр Тұрсынбаева.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury) on

 

Соңғы жаңалықтар