Айқын: Жұлдызды клипке түсірсем әңгіме көп болады, ол да бір пиар қадам - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айқын: Жұлдызды клипке түсірсем әңгіме көп болады, ол да бір пиар қадам

Айқын: Жұлдызды клипке түсірсем әңгіме көп болады, ол да бір пиар қадам

Шығармашылық идеялары таусылған танымалдар, енді жеке өмірін жарнама құралына айналдыра бастағандай.

  • 5 Наурыз 2019
  • 40
Фото - Caravan.kz

Соңғы кездері клипіне тек Жұлдызды түсіретін Айқын, бұл әрекеті – кезекті пиар қадамының бірі екенін жасырмайды. Өйткені, Өмірғали жұрттың көз алдында жүрсе, Төлепберген ел аузында болмақ.

Бұл туралы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасы хабарлайды.

Бұл Айқынның Жұлдызбен жұптасқанын айғақтайын алғашқы видеосы. Жас келіншегін клипке кейіпкер ретінде таңдап, жұрт назарын аудару да – атышулы әншінің идеясынан туындаған. Бірақ жаңа жұмыс желіге жүктелген сәтте, жұрт бейнебаяннан Айқынның бірінші әйелі Әселге деген құпия сәлемін аңғарыпты.

— Осы өлеңді бірінші әйелімен айтқанда хит болар еді.

— «Кешір» деп алғашқы әйеліңізге айтып жатқан сияқтысыз.

Айқын Төлепберген, әнші:

-Адамдар, басқа адамның өмірін қайдан білсін. Менің өмірім солай. Мен ары қарай ашудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Адамдар өздері болжам жасайды да, неше түрлі нәрсені жазады. «Ты моя муза» деп Жұлдызды түсіріп жатырмын ғой. Болды, түсінікті ғой бәрі.

Айқынның музасы анықталды! «Жүрегім ақ» атты дәл осы жаңа бейнебаянға, тағы да Жұлдыздың образын бекіткен әншінің шешімі – өз сөзінің нақ дәлелі.

Айқын Төлепберген, әнші:

-Екінші клипте біз ойладық басқа адамды түсіреміз бе деп. Кейін басқа адамды түсірмей-ақ қояйық, Жұлдызды түсірейік дедім. Себебі бірінші клипте жай өтті де, бұл жолы актерлығы көбірек болды да. Үшінші бейнебаянда басқа бір нәрсе болатын шығар.

Иә, Төлепберген темірді қызған кезде соғуды құп көрген секілді. Әншінің Жұлдызбен түскен клиптері трилогияға ұласуы мүмкін. Өйткені, өнер иесі жеке өміріндегі өзгерістерімен – елдің назарында, халықтың қызу талқасында жүргенді қалайды.

Айқын Төлепберген, әнші:

-Әрине, енді пиар ғой. Пиар үшін жасалады. Басқа біреуді түсірсем үндемейді, Жұлдызды түсірсем әңгіме көп болады. Ол да бір пиар қадам ғой. Шет елде де мысалы, кезінде Анджелина мен Бред Пит қосылғанда да одан пиар жасады. Кәдімгідей пиар болды. қазір екеуі ажырасып кетті. Ол да бір пиар қадамдары ғой өздерінің.