Айсәуле Бақытбек әкесі мен күйеу жігітінің ара-қатынасы туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айсәуле Бақытбек әкесі мен күйеу жігітінің ара-қатынасы туралы айтты

Айсәуле Бақытбек әкесі мен күйеу жігітінің ара-қатынасы туралы айтты

Айсәуле Бақытбек YouTube желісінен жеке каналын ашып, бло жүргізе бастады. Алғашқы шығарылым кезінде бойжеткен күнделікті қалай боянатынын көрсетіп, елді қызықтырған сауалдарға жауап берді.

  • 20 Ақпан 2019
  • 66
Фото - Caravan.kz


Сөзіне қарағанда, оған ең жиі жолданатын сауалдардың бірі – оның алда өтетін тойы мен әкесі туралы. Көпшілік әсіресе, абақтыда жатқан Бақытбек Есентаевтың болашақ күйеу баласымен қарым-қатынасы жайлы жиі сұрайтын көрінеді.

“Иә, әкем мен Әлішер таныс. Олардың қарым-қатынасы өте жақсы. Шамамен 4-5 жыл бұрын танысқан. Мен ата-анамнан ешқашан ештеңе жасырмаймын. Екеуінің танысқанына өте қуандым. Бірақ ол кезде мен той туралы мүлде ойланған емеспін. Тағы бір атап өтетін жайт, Алиш маған ұсыныс жасамас бұрын әкеме барып, одан рұқсат сұрады. Бұл туралы еш жерде айтқан емеспін”, – деп ағынан жарылды Айсәуле.