Айтбақы Біләлов 10 жыл 10 күнін темір тордың ар жағында өткізетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айтбақы Біләлов  10 жыл 10 күнін темір тордың ар жағында өткізетін болды

Айтбақы Біләлов 10 жыл 10 күнін темір тордың ар жағында өткізетін болды

Қарағандыда атышулы "Валют-Транзит" банкінің  бұрынғы басшысына қатысты сот кезекті рет үкім шығарды. Банкрот болған банктің басшысы Айтбақы Біләлов енді 10 жыл 10 күнін темір тордың ар жағында өткізеді.

  • 25 Маусым 2011
  • 430
Фото - Caravan.kz


Қаржы ұйымының жалпы қарызын 47 млрд. теңге дейін жеткізген Біләлов қылмыстық топ құру, алаяқтық, жалған құжат жасау сияқты Қылмыстық кодексінің 8 бірдей бабы бойынша айыпталған болатын.  Бір жылға жуық уақыт созылған сот отырысында 150 куәгерден жауап алынған. Оның қорытындысына сәйкес, қаржыгер толықтай кінәлі деп танылды. Қарағандының Қазыбек би аудандық соты  аталмыш іске қатысты үкімді бес күн бойы оқыды. Енді 10 жылын түрмеде өткізетін Айтбақы Біләловке, сондай-ақ 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, мүлкі тәркіленді. Одан бөлек, сот 30 млрд теңгені өндіріп алу туралы шешім шығарған. Айта кетейік, 2008 жылы да алаяқтық жасап, салымшылар қаржысын жеке пайдасына жаратқан экс-банкир 3 жарым жылға бас бостандығынан айырылған еді. Былтыр іс қайта қаралып, екінші рет айып тағылған. Бірақ Біләловтың өзі айыбын сол күйі мойындаған жоқ. Ал адвокаттары қайта апелляциялық шағым түсірмек.

Соңғы жаңалықтар