«Аталған шешім қырғыз әдебиетінің шығармаларын сақтау, дамыту және кеңінен насихаттау мақсатында, ұлы тұлғалар – Шыңғыс Айтматов пен ақын Алыкул Осмоновқа, сондай-ақ қырғыз әдебиетінің басқа да ұлы өкілдеріне деген құрметтің белгісі ретінде қабылданды», — делінген хабарда.
Бұл жөніндегі қаулыға ҚР премьер-министрі Алмазбек Атамбаев қол қойды.
Атақты жазушы Шыңғыс Айтматов 1928-ші жылы 12-ші желтоқсанда Қырғызстанның Талас облысының Қара-Бура ауданындағы Шекер ауылында дүниеге келген. Ш. Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» атты тұңғыш романы 1980-ші жылы жарияланды. 1988-1990- жж. Ш. Айтматов «Иностранная литература» журналының бас редакторы. 1990-1994 жж. Алдымен КСРО, кейін Ресейдің Люксембургтегі елшісі болып қызмет атқарды. 2008-ші жылдың наурызына дейін Қырғызстанның Бенилюкс елдері — Бельгия, Нидерланды және Люксембургтегі Қырғызстан елшісі болып қызмет атқарды. Ш. Айтматов КСРО Социалистік еңбек ері (1978) және Қырғыз ССР-інің халық жазушысы, Қырғыз Республикасының батыры(1997).