“Айтыстың аққуы едіңіз, коучтардың қарғасы болдыңыз” - Айгүл Орынбек ақын Айнұр Тұрсынбаева жайлы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Айтыстың аққуы едіңіз, коучтардың қарғасы болдыңыз” - Айгүл Орынбек ақын Айнұр Тұрсынбаева жайлы

“Айтыстың аққуы едіңіз, коучтардың қарғасы болдыңыз” - Айгүл Орынбек ақын Айнұр Тұрсынбаева жайлы

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек инстаграм әлеуметтік желісінде айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваға ашық хат жолдады! 

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

  • 19 Қазан 2021
  • 9650
Фото - Caravan.kz

" Апатайым ау!

Қан сасып дем жетпей жатқан халқыңа дем беріп бір қуантып едің!
“Миллионер боламын”, деп Стамбулға ағылып далада қаңғып қалып жатқан әйелдердің көшін тоқтатып бір қуантыңыз!
“Әйелдердің өзінде ми жоқ па?”, депсіз!
Ия, сіздердің ертегі өмірлеріңізді көріп жүрген әйелдерде ми қалмады!
Сіздің тәтті сөздеріңізге миы уланған әйелдер, сіздің жаныңызда жүрген құзғындарға жем болып жатыр!
Халқыңның жүрегінде қазақтың мұңын жырлап жүрген қазақтың Айнұры болып орын алдың!

Мына құзғындардың арқасында халқыңнан қарғыс алып жүрмеңіз деп осылай ашық жазып отырмын!
Өзіңізге жеке ескертіп айтпадым емес, айттым!
Сол құзғындарды ел алдында жарнамалап жүрген соң, таяқтың бір ұшы сізге де тиеді деп!

Менің сөздерім сізге ұнамағанын білем, дос жылатып айтады деген сөз бар емес пе?
Бұл жазбамды сізді жамандыққа қимай жазып отырмын деп қабылдаңыз!
Айтыстың аққуы едіңіз, коучтардың қарғасы болып барасыз апатай!
Мен сізді баяғы айтыстың аққуы ретінде көргім келеді!",
— деп өз парақшасына жазба жариялады. 


Бұл жазбасын оқыған желідегі оқырмандар: "Түсінген адамға керемет айттыңыз", "Қазір бұл сөздеріңіз ол апатайыңызға өтпейді-ау","Бұл кісі қазір тек ақша туралы айтады","Өте орынды айттыңыз","Осы Айгүл әпшемнің духына ризамын да, қазақтың жігіттерінде жоқ намыс бар ғой шіркін!", Ешкім айта алмай жүрген нәрсені ашық айттың, жарайсың","Мықты айттыңыз жарайсыз",-деген пікірлерді оқша жаудырды.

https://www.instagram.com/p/CVNDq_YAFBL/?utm_medium=copy_link

Соңғы жаңалықтар