Айымбетов: Ғарышта адамзаттан басқа тіршілік иелері өмір сүреді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айымбетов: Ғарышта адамзаттан басқа тіршілік иелері өмір сүреді

Айымбетов: Ғарышта адамзаттан басқа тіршілік иелері өмір сүреді

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов ғарышта тіршілік ете алатын ағзаларды кезіктіргенін айтты.

  • 30 Қазан 2015
  • 691
Фото - Caravan.kz

"Ғарыш кеңістігінде адамзаттан өзге тіршілік бары дәлелденген. Біз эксперимент жасау үшін ғарыштан анализдер алдық. Онда тірі бактериялар табылды. Бұл ғарышты шындап зерттеу керек екендігінің тағы бір дәлелі. Ол біз елестеткендей қараңғылық емес. Онда тірі ағзалар бар. Мұндай кереметті сақтап қалу үшін қолдан келгеннің барлығын істеуіміз керек", — деді ғарышкер бүгін ҚР Тұңғыш Президенті — Ұлт көшбасшысы кітапxанасында оқушылармен болған кездесуінде.

Еске сала кетейік, қазақстандық ғарышкердің Халықаралық ғарыш стансасына ұшырылуы 2015 жылдың 2 қыркүйегінде орын алды. Ол «Союз ТМА-18М» зымыранының борт-инженері ретінде ұшты. Ол ғарышта Қазақстанның бесінші ғылыми зерттеулерін жүргізген болатын. 

Қазақстандықтың ғарышта өткізген уақыты 9 тәулік, 20 сағат, 13 минут 51 секунд.


Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі — Алтын Жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар