Бас-аяғы төрт жарым минуттық аудиожазбада бейәдеп сөз өте көп. Аудиожазбадағы сөздерді айтқан Кентау қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары екені анықталды. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Еуразия бірінші арнасы-на сілтеме жасап хабарлады.
Лауазымы жоғары полицей қоластындағы қызметкерлерден ақша талап етіп, көнбегенін «жұмыстан шығарамын» деп қорқытқан. Бір анығы, ол бұған дейін де осындай әрекеті үшін жұмыстан кеткен екен.
Аудиожазбада «1 ақпаннан бастап барлығың маған 10 мың теңгеден өткізесіңдер. Жалпы 45 мың теңге болуы тиіс. Жетім емессіңдер… Жол-патрульдік қызметі элита болуы керек. Ақша жинап, қымбат коньяк пен азық-түлік салынған корзинаны әдемілеп орау қажет» делінген.
Ол бұған дейін былтыр да дәл осындай жайтқа қатысты қызметінен кетіп, қайтып келген екен.