"Айына миллион беріп тұрасың. Бізге сол 90 жылдар қайтып келген": Заңгер Түркістан облысындағы сұмдықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Айына миллион беріп тұрасың. Бізге сол 90 жылдар қайтып келген": Заңгер Түркістан облысындағы сұмдықты айтты

"Айына миллион беріп тұрасың. Бізге сол 90 жылдар қайтып келген": Заңгер Түркістан облысындағы сұмдықты айтты

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Түркістан облысында кәсіпкер арасындағы былықтың бетін ашты. 

  • 24 Мамыр 2023
  • 1323
Фото - Caravan.kz

Заңгер 90 жылдардағы қарақшылардың әрекеті тағы пайда болғанын айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы. 

Айгүл Орынбек өз кәсібін қорғаған кәсіпкер заң алдында да құқығын қорғауға дәрменсіз болып тұрғанын айтты. 

“1 000 000 теңге айына беріп тұрасың”

Кәсіпкерлерге тыныштық жоқ!

Түркістан облысы Прокуратурасы жаңа басшысының назарына!

Кәсіпкерлерге тыныштық бермейтін “бандиттерден” бұл өңірді тазартуды сұраймын!

Президентіміз кәсіпкерлерді қолдауды, құқықтарының тапталмауын үнемі өз жолдауында айтып, қатаң ескертіп отырады.

Бізге сол 90 жылдар қайтып келген бе?

Айдың-күннің аманында “айына табысыңнан 1 миллион теңгеден тұрақты түрде беріп тұрасың!” деп талап ету — бұл не деген сұмдық? Барып тұрған заңсыздық қой!

Қарақшылар кәсіпкердің жеке меншігіне келіп ұрып-соғып, ақша талап етеді.


Бірақ Облыстық Прокуратура қарақшыларға емес, кәсіпкерге «адам өміріне оқталды» бабымен іс ашты дегенді қалай түсінейін?

Біздің елде кәсіп ашып қажеті жоқ!

Өзіңнің дүкеніңде тұрып таяқ жейсің, оны қорғасаң тағы басың бәлеге қалады!

Келген қарақышылардың арасында Шымкентте полиция да жұмыс істейтін қызметкер де бар екен.

“Бандиттер” мен құзырлы органдар бірлесіп отырып, істеп отырған кәсібіңнің быт-шытын шығарады", деп жазды. 

"Осындай қараңғы қоғам тек Қазақстанда ғана бар.Өздеріне өздері жау болған", "Облыстық прокурор сыбайлас болмаса, бандиттер емін еркін тонай алмайды", "Масқара… әбден тозып болған екенбіз ғой", деп жазды оқырмандар.