Банк картасы арқылы айыппұлды оқиға орнында төлеу жүйесі қазір Алматы облысында іске қосылды, деп жазады patrul.kz.
Өткен жылдың мамыр айында мұндай қызмет Астанада, кейін Петропавл мен Өскеменде іске қосылған еді. Бұл жаңалық енді Алматы облысына келіп отыр.
Айыппұлды осылай төлегендерге 50% жеңілдік беріледі. Тағы бір ескере кетерлігі, карта сол адамға тиесілі болуы шарт.