"Айырам": Тағы бір журналист өміріме қауіп төнді деп құзырлы органдардан көмек сұрауда - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Айырам": Тағы бір журналист өміріме қауіп төнді деп құзырлы органдардан көмек сұрауда

"Айырам": Тағы бір журналист өміріме қауіп төнді деп құзырлы органдардан көмек сұрауда

Әлеуметтік желіде тағы бір журналист өміріне қауіп төнгенін айтып, көпшілікке жариялады. 

  • 22 Мамыр 2023
  • 294
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы фейсбукте  тарады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.

Асқарбекті "айырам" депті. 

Тағы бір журналист өміріме қауіп төнді деп құзырлы органдардан көмек сұрауда. Әркім қоқаңдамп қанды ішті-ау?!", деп әлеуметтік желіде видеүндеу тарады. 

"Мен Асқарбек Қазанғап. Журналистпін. Телерандағы тілшілік, тіршіліктің қазанында қайнап жатқаныма 11 жылдан асты. "Айтамыз" ток шоуды бастадым. Соңғы көтерген тақырыбым "Сүлейменшілер сойқаны". Анонсы шығысымен-ақ, осы жамағаттың сойылын соққандар жан-жақтан талауын бастап кетті. Дегенмен, осы жібек жолының жақтасы Нұрбақыт Меллет атты азаматтың әрекеті шектен шықты. Балағаттағаны өз алдына, барлық әлеуметтік желіден блокқа тыққан соң, тансытарыма шығып, үркіткен, қорқытқан сәлемдемесін жолдапты. 


Осы жігітке сәлем айт. Кө*тін айырам. Ашықтан-ашық айырам. Артынан тапсырма беріп отырған, тәңіршілер болса да, КНБ-шілер болса да, кө*тін айырам. Өтірік жала жабудың қандай екенін көремін. Қазақстанның заңынан да, законынан да қорықпаймын. Ұқтың ба? Егер менің басыма бірдеңе болса, мені Америкаға Сияй алып кетеді. Маған соқтығуға болмайды деген грин картам бар дипломант адаммын. Мені Түркия алып кетеді немесе Америка алып кетеді. Маған ештеңе болмайды
, дейді.