Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Депутат Премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында ағылшын тілін ерте – мектептен бастап сапалы түрде оқытуды әрі қарай күшейту қажеттігін айтты.
Кезінде Президенттің тапсырмасына сәйкес 3-4 сыныптар мен
10-11-сыныптарда ағылшын тілі сағатын аптасына 3 сабақтан 5 сабаққа дейін көбейтуді қолға алғанбыз. Бірақ бұл бастама толық іске аспады. Осы бағытты нақты іске асыруымыз керек, — деп айтты Аймағамбетов Мәжілісте.