“Айтатын уақыт келді”: Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен ажырасуы туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Айтатын уақыт келді”: Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен ажырасуы туралы

“Айтатын уақыт келді”: Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен ажырасуы туралы

Әнші Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен ажырасқаннан кейін қиын жағдайға тап болған.

  • 25 Қараша
  • 89
Фото: astana.tv

Бұл туралы ол Instagram желісінде айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасына ажырасқаннан кейін бір жылдың ішінде қалай өзгергенін баяндап видео жариялаған.

”Менің жеке трансформациям туралы айтатын уақыт келді. Бәрі маған құлпырып кеттің, қандай керемет нәтиже, сахнаға оралуыңмен деп жатады. Бірақ сахнаның артында қаншама маңдай тер төгілгенін ешкім түсініп білмес. Бір жыл бойы қаншама жұмыс болғанын ешкім білмейді. Ия, ажырасқаннан кейін қатты депрессияға түсіп кеттім. Ешкімді көргім келмеді. Ешкіммен араласпай, тек үйде отырдым. Жобаларда ғана өнер көрсетіп, әлеуметтік желіде белсенді болуға өзімді мәжбүрлейтінмін. Осының бәрі ішіме жиналып, дұрыс тамақтанбай, өзіме қарамай кеттім. Күннен күнге бетімнің жағдайы нашарлап бара жатқанын байқадым. Мені дәл осындай мәселені басынан өткізген адамдар ғана түсінеді”, — деп жазды өнер иесі.