"Айтатынымыз өсек, қуалайтынымыз дау": Ақбота Керімбекова желіде өсек қуып, елге күйе жағатындарды орнына қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Айтатынымыз өсек, қуалайтынымыз дау": Ақбота Керімбекова желіде өсек қуып, елге күйе жағатындарды орнына қойды

"Айтатынымыз өсек, қуалайтынымыз дау": Ақбота Керімбекова желіде өсек қуып, елге күйе жағатындарды орнына қойды

Ол бұл дүниенің жалған екенін атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл туралы ойын әнші өзінің желідегі парақшасында жаз

  • 19 Шiлде
  • 140
Фото - Caravan.kz

Ол бұл дүниенің жалған екенін атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ойын әнші өзінің желідегі парақшасында жазған.

«Иә, ағайын, кеше мен отбасын асыраймын деп жүріп опат болған тағы бір ананың қайғылы қазасын естідім. Өзі 6 балалы екен, осыдан 3 айдай уақыт бұрын ғана жары өмірден озыпты. Жасы енді ғана 45-тен асқан әйел күйеуінің қазасынан кейін де еңсесін тіктеп, 6 баланың қамы үшін тіршілік етіп, маңдайына жазылған тағдырға мойынсұнып, “қаланың шетіндегі дачада өсіп тұрған жемістерді тегін теріп алса болады”,-деген жақсы адамдардың хабарламасы бойынша дачаға барып, алды 22-ге енді толған, кенжесі 2-ші сынып оқитын бала-шағасына жеміс-жидек теріп алып, үйіне қайтар жолда келе жатқанында көлік қағып, сол жерде-ақ тілтартпай, жан тәсілім етіпті… Ұрпағым, ұл-қызым, отбасым деп өмір сүретін қайран Қазақтың әйелдері-ай, қайран Қазақтың аналары-ай!..

Біз бәріміз желі бетіндегі желіккен өмірді ғана көріп жүрміз, ал, көзге көріне бермейтін жерлерде қанша Қазақ баласы ашқұрсақ, жетім тағдыр кешіп, қанша Қазақ әйелі жесір ғұмыр сүріп, қанша азамат бір күннен екінші күнге әрең жетіп жығылып жүр… Жоғарыдағы оқиғаға қалай жаның жыламайды?!. Бәрін естіп, біліп отырсақ та, айтатынымыз өсек, қуалайтынымыз дау!.. Сүрінген мен бүлінгенді табалап, қателескенді қаралап өтіп жатқан өмір, әйтеуір!..

Қанша бала қылмысты болса, сонша ана жылайды… Қанша ұрпақ жаза басса, сонша әкенің жігері құм болады… Дүниеде бәрінің орыны толады, қателік түзеледі, араздықтың түйіні тарқайды, жоғалған табылады, тек, бір ғана нәрсенің орыны толмас, ол — боталаған ананың өкінішінің орыны, апалаған баланың зарының жарасы!..

Барымызды бағалайықшы, ағайын! Ешкім де, ештеңе де мәңгі емес!..», — деп жазды ол.