Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Баян Алагөзова әпкесі Бәтес Мақсатқызының немересінің тұсаукесер рәсіміне қатысқан. Онда ол әулеттің келіні Жарқынай Ханайымға тиіскен.
«Біздің келініміз, то келін, то келін емес. Әйтеуір қазір келін. Бізге Армениядан мынадай сыйлық әкелді. Граната — адамның әл-ауқатын арттырады.
Бізді үнемі ойлап жүретініңе рахмет. Міне Бағым Мақсатқызында да жаңа сақина. Онда клавиша мен скрипка бар. Рақмет Жарқынай. Қалай жағдайың? Қазір біздің келінсің бе?», — деп күлді Баян Мақсатқызы.
Айта кетерлігі, Жарқынай Ханайым мен Бәтес Мақсатқызының ұлы Айдар біраз жыл бұрын ажырасып, қайта қосылған болатын. Халық жаппай Жарқынайға қолдау көрсетіп, Баян Алагөзоваға шүйліккен.
