”Ақ киізге жаназа оралады”: Нұрлан имам кілемге салып ұзатылған Сәкен Майғазиевтің келіні туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 538.57
  • 629.48
+31 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Ақ киізге жаназа оралады”: Нұрлан имам кілемге салып ұзатылған Сәкен Майғазиевтің келіні туралы

”Ақ киізге жаназа оралады”: Нұрлан имам кілемге салып ұзатылған Сәкен Майғазиевтің келіні туралы

Жақында ақ кілемге салып ұзатылған Сәкен Майғазиевтің келіні көптің талқысына түскен еді.

  • 24 Маусым
  • 299
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Көпшілік түсінбеген аталмыш салт-дәстүрге қатысты танымал дінтанушы, имам Нұрлан Байжігітұлы да пікір білдірді. Ол elitar.kz порталына берген сұхбатында қазақ халқы адамды ақ кілемге қандай жағдайла орайтынын айтты.

”Бұл — бүкіл қазаққа тән салт деп есептемеймін өз басым. Неге? Өйткені, сәл қиыспаған дүние. Кілем деген мұнда шықты. Киіз деп айтатын. Біз ақ киізге хандарды шығарғанбыз. Одан кейін ақ киізге жаназа оралады. Қазақ салтында киізге орап шығарған. Ханды ақ киізге отырғызды дейді. Сол үшін әр нәрсе өз заманында қалу керек. Біз бақуаттылықтың, данышпандықтың, білгіштіктің, байлықтың көрінісі осы екен деп, көрсете берудің де реттілігі болу керек деп есептеймін”, — дейді ол.

Желі қолданушыларының басым бөлігі “блогер имамның” пікірімен келісуде.

”Нұрлан имам дұрыс айтады. Заманға сай, әдемі жауап берді”, “Сәкен құтырды ғой”, “Негізі жаман ырым”, “Айтатын адам табылды ау”, — деп жазды олар.

Перейти к новостям спорта