Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Настоящее время. Азия» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Анасының айтуынша «Ақнарды өлер алдында таныс қыздар азаптап, кейін жетінші қабаттан лақтырып жіберген». Оқиға болғанына бір жылға жуық уақыт өтсе де, күдіктілер әлі анықталмаған.
«Ақ көйлек киіп құтты орнына қондырам деп жүрген кезде, ақ киім кидіріп жер қойнына тапсырдым. Қызымның үш саусағындағы тырнағы түсіп қалған. Қызды ұрып жатқан видеосын да көрсетемін», — деді анасы.
Видеодан екі қыздың қызды қинап жатқанын көруге болады. Анасының айтуынша, дәл осы екі қыз «оны өлтіріп, кейін 7 қабаттан лақтырып жіберген».
Алайда ол екеуі істе куәгер ретінде танылған. Екі қыз ішімдік ішкен, ал Ақназдың қанынан ішімдік табылмаған.
Сол күні қызы екі құрбысымен бірге пәтерде. Анасының телефонына белгісіз қыздың түсініксіз аудиолар келіп түскен.
«Мұнда бір қызды өлтіріп жатыр. Мен бара алмай жатырмын, кешіріңіз. Қасымыздағы бір қыздың шашын жұлып, өлтіріп жатыр, қылқындырып. Мен әжетханаға кіріп, өзімді құлттап алдым. Оны өлтіріп жатыр» деген аудиожазба келген.
Істің өткеніне 9 ай болса да, анасының айтуы бойынша іс әлі жылжымаған.
14 мамыр күні Алматы қаласының полиция департаменті бұл істің «ерекше бақылауда» екенін хабарлады.