Көпшілік оның ұзату тойындағы образын сынға алған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Белгілі болғандай, Айжұлдыз Адайбекова блогер Сәкен Қағаровпен бас қосқан. Күні кеше желіде Айжұлдыздың ұзату тойынан видеолар тарады.
Онда қалыңдықтың қара түсті камзол кигенін анық көруге болады. Сонымен бірге, ол басына сәукеле киюді де жөн көрмеген.
Көпшілік оны осы образы үшін сынға алған.
«Ұзату емес, бата алу күні депті, екінші рет тұрмыс құрғанынан болар», «Қара қамзол кигені қалай кетті? Не сәукелесі жоқ», «Негізі қызық өзі де, жігіті де, бақытты болсын» деп жазуда олар.