"Ақ ниетім мен тоқтаусыз еңбегімнің жемісі": Ерке Есмахан бақытты өмірінің сырымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ақ ниетім мен тоқтаусыз еңбегімнің жемісі": Ерке Есмахан бақытты өмірінің сырымен бөлісті

"Ақ ниетім мен тоқтаусыз еңбегімнің жемісі": Ерке Есмахан бақытты өмірінің сырымен бөлісті

Ерке Есмахан барлық арманы орындалған бақытты жан екенін айтты.

  • 11 Маусым
  • 34
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Пейіліңе қарай пейішің! Мен өзімді осы жасымда дәл осындай статуста боламын деп мақсат еттім. Міне, Аллаға шүкір, арманым орындалған жанмын. Өнерде жолым болып, еліме еркелеп жүрген әншімін. Сүйіктімнің сүйіктісі, шаңырағымыз сәбилердің күлкісіне толған ата-ана, жанұямыз.

Аллаға сансыз шүкір айтамын! Жүрек тыныштығымен, жан мен тән үйлесімділігін тапқаны ол менің ақ ниетіммен, көп нәрсеге сабырлықпен қарап, тоқтаусыз еңбегімнің жемісі деп білемін. Менің өмірімдегі барлық ғажайыптар сіздерге де жұғысты болсын. Осындай жүрекжарды пост жазғым келді. Соған қарағанда іңгәләп бөпетайымыздың өмірге келуіне санаулы күндер қалды-ау», – деп жазды әнші.  

Әншінің оқырмандары мен өнердегі әріптестері ізгі тілектерін жарыса жазуда.

«Тіл көзден аман болыңыз», «Жеңіл босанып алыңыз», «Ақылдысың, сұлусың. Алла бағыңды баянды етсін», «Өзіңіз секілді ханшайым дүниеге келсін», «Алла барлық әйелге бақ береді, бақытыңыз еселене берсін», — деп жазды олар.