Академик Кенжеғали Сағадиев қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Академик Кенжеғали Сағадиев қайтыс болды

Академик Кенжеғали Сағадиев қайтыс болды

Ғалым-экономистті жерлеу рәсімі отбасы мүшелерінің қатысуымен өтіп, еске алу шаралары бір жылдан соң ұйымдастырылады

  • 26 Шiлде 2020
  • 38
Фото - Caravan.kz

 Қазақстандық академик, экономист, мемлекет және қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев 83 жасында дүниеден озды, деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоғамдық қорының PR және маркетинг департаментінің директоры Майраш Тайкенова, деп жазды sputniknews.kz

Ол ғалымның туыстарының атынан арнайы жазба жариялады.

"25 шілдеде академик Кенжеғали Әбенұлы Сағадиевтің жүрек соғысы тоқтағанын қайғырып хабарлаймыз. Өкінішке орай, жаппай індет біздің отбасымызға да жетті",– делінген хабарламада.

Жерлеу рәсімі тек отбасы мүшелерінің қатысуымен ғана өтеді. Ал оны еске алуға арналған іс-шаралар 1 жылдан кейін, 2021 жылы 25 шілдеде ұйымдастырылады.


"Бұл Кенжеғалы Әбенұлының соңғы өсиеті. Өтетін уақыты мен орны туралы қосымша хабарлаймыз",– делінген жазбада.

 

Соңғы жаңалықтар