Академик М.Әлиевтің пайымдауынша, қазақстандық жауынгерлер Ирактан тез арада қайтарылуы тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Академик М.Әлиевтің пайымдауынша, қазақстандық жауынгерлер Ирактан тез арада қайтарылуы тиіс

Академик М.Әлиевтің пайымдауынша, қазақстандық жауынгерлер Ирактан тез арада қайтарылуы тиіс

Академик Мұхтар Әлиевтің пайымдауынша, бітімгершілік миссиямен Иракта жүрген қазақстандық жауынгерлер тез арада бұл елден қайтарылуы тиіс. Академик "Караван" тілшілеріне берген сұхбатында осындай пікір білдірді.

  • 13 Мамыр 2004
  • 612
Фото - Caravan.kz

М.Әлиевтің пайымдауынша, Қазақстандық жауынгерлерге «дәл қазір Иракта болудың қисыны жоқ». «Неге десеңіз, Ирактағы соғыс қимылдары басталған тұста халықаралық коалиция тарапынан жар салынған игі мақсаттар дәл қазір осы елде болып жатқан оқиғалармен мүлдем қабыспай тұр»,- дейді академик. Аймақта тәртіп орнатып, демократияны қалпына келтіруге бағытталған коалицияның бастапқы мұраттарына «қарсылық білдіру мүмкін емес» болатын. Алайда, «шын мәнінде дәл қазір Иракта тәртіп орнатылды деп айтуға ауыз бармайды»,- деді М.Әлиев.

«Ирак түрмелерінде болған азаптау оқиғалары туралы хабардар болдық. Соған қарағанда, коалиция әскерлері тақтан тайдырылған диктатордан бір де кем болмай шыққаны ғой бұл». «Ахуал тіпті бақылау аясынан шығып кетті. Коалиция әскерлері апта сайын орасан шығындарға батуда». «Соғыстың өзі әлдеқашан аяқталғанымен, ел әскери қақтығыстар мен шиеленістер иіріміне күн өткен сайын батып барады. Диктатормен күрес түрінде басталған қақтығыс Ирак халқына қарсы бағытталған соғысқа айналды»,- дейді академик.
«Мешіттер мен дін тұрғысынан тәу ететін қасиетті орындарды бомба жарылысымен» жалмау жолымен демократия орнатамыз деген ниетке сену қиын»,- дейді М.Әлиев. «Атпал азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығына осындай мақсат үшін қатер төндірудің қажеті жоқ»,- деді ол.
Академик М.Әлиев қазақстандық әскерлерді «ешбір дау-дамайсыз, мейлінше тез арада» қайтару керек деген сенімде. «Әскердің қасиетті міндеті біреу ғана : ол — өз Отанын қорғау». «Кеңес әскерлері бірнеше жыл бойы қан кешкен Ауған соғысы біздің генералдар үшін сабақ болуы тиіс»,- деді М.Әлиев.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, дәл қазір Иракта қазақстандық бітімгерші батальонның екінші тобы жүр. Олардың басты мақсаты — аумақты жарылғыш заттардан тазартып, ауыз су көздерін табу болмақ. Мұндағы қазақстандық жауынгерлердің жалпы саны 27 адам.

Соңғы жаңалықтар