Академиялық театр Сәбира Майқанованың туған ауылында өнер көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Академиялық театр Сәбира Майқанованың туған ауылында өнер көрсетті

Академиялық театр Сәбира Майқанованың туған ауылында өнер көрсетті

КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбира Майқанова Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылында дүние келген. Атақты өнер иесі қызмет еткен М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының ұжымы сол ауылда өз өнерлерін көрсетіп, халықпен дидарласып қайтты. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі хабарлад

  • 16 Мамыр 2014
  • 695
Фото - Caravan.kz

Жергілікті жұртшылықпен жүздесу барысында белгілі өнер тарландары Тұңғышбай Жаманқұлов, Ғазиза Әбдінәбиева, Еркін Жуасбек және өзге де артистер Сәбира Майқанова жайында тағылымды естеліктер айтты. Өнерпаз тұлғаның қазақ өнеріндегі орны ерекше екеніне тоқталды. Сәбира Майқанова есімі — театр өнеріндегі қайталанбас есімдердің бірі. Ол кісі сан қырлы дарыны арқасында әртүрлі жанрда жарқырап көрінді. Әсіресе, әйел-ана рөлдерін жан жүрегімен беріле, айырықша шынайылықпен ойнады.


С.Майқанованың туғанына үстіміздегі жылы 100 жыл толуына  орай бірегей талант иесінің мерейтойы  еліміздің жер-жерінде аталып өтуде.

Перейти к новостям спорта