Акционерлік қоғамдардың Қазақстан қор рыногынан кетуі оның сапасына әсер етпейді - Қаржылық ұйымдарды қадағалау Агенттігі - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Акционерлік қоғамдардың Қазақстан қор рыногынан кетуі оның сапасына әсер етпейді - Қаржылық ұйымдарды қадағалау Агенттігі

Акционерлік қоғамдардың Қазақстан қор рыногынан кетуі оның сапасына әсер етпейді - Қаржылық ұйымдарды қадағалау Агенттігі

2005-жылдың қаңтар айында корпоративтік құнды қағаздар рыногында акция шығарылымдары сатылып жатқан акционерлік қоғамдардың саны 15 процентке азайып, 1-ақпандағы жағдаймен олардың саны 2605 болды. Бұл туралы бүгін, 16-ақпанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі төрағасының орынбасары Елена Бахмутова атап көрсетті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Ақпан 2005
  • 553
Фото - Caravan.kz

Агенттік төрағасы орынбасарының пікірінше, Акционерлік қоғамдар санының азаюы алаңдаушылық тудыруға тиіс емес. Өйткені, қор рыногының ахуалына эмитенттердің саны емес, олардың рынокқа толыққанды қатысушы болуға деген ықыласы мен мүмкіндігі әсер етеді. «Пруденциалдық нормативтерге сай келмейтін акционерлік қоғамдардың қор рыногынан кетуі керісінше рыноктың сауығуына пайдалы. Осындай акционерлік қоғамдар санының арту ағымы жалғаса келе, нәтижесінде бәсекелестік қабілеті бар, сындарлы корпоративтік құнды қағаздар рыногының қалыптасуына септігін тигізеді»,- дейді Е.Бахмутова.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылдың қаңтар айында ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі құнды қағаздар рыногында бірнеше бағыттағы кәсіби қызметпен шұғылданатын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережелерін қабылдаған. Агенттіктің осынау қаулысының талабына сай келмейтін бірқатар акционерлік қоғамдар Қазақстанның қор рыногынан (KASE) кетуге мәжбүр болған.
Агенттіктің ақпаратына сәйкес, 2005-жылдың 1-ақпанындағы жағдаймен жалпы құны 409,8 млрд. теңгені құрайтын 2924 акция шығарылымдары мен мемлекеттік емес облигациялардың 110 шығарылымы айналымда болды. Қазақстан қор рыногының (KASE) ресми «А» категориялы тізіміне отандық эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарының 134 шығарылымы, ал «В» категориялы тізімге (зейнетақы қорларының сатып алуына арналмаған) 42 шығарылымы енгізілген.

Перейти к новостям спорта