Акциздік өнімдерді есепке алудың жаңа түрі тиімді болып шықты - салық комитеті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Акциздік өнімдерді есепке алудың жаңа түрі тиімді болып шықты - салық комитеті

Акциздік өнімдерді есепке алудың жаңа түрі тиімді болып шықты - салық комитеті

1-қыркүйектен бастап елімізде қолданысқа енгізілген акциздік өнімдерді есепке алудың жаңа түрі тиімді болып шықты. Бұл туралы бүгін, 16-қыркүйекте ТМД-ға қатысушы елдердің салық қызметі жетекшілерінің үйлестіру кеңесінің 9-отырысы барысында ҚР қаржы министрлігі салық комитетінің төрағасы Марлен Ысқақов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Қыркүйек 2005
  • 437
Фото - Caravan.kz

«Кейінгі екі аптада жүргізілген тексерулер нәтижесінде ұрлық жолымен шығарылған контрафакт өнімдер көптеп әшкереленді»,- деді М.Ысқақов.
Осы орайда ол 1-қыркүйектен бастап Қазақстанда жаңа үлгідегі есептік-бақылау маркалары жоқ акциздік өнімдерді сатуға тыйым салынғанын еске салды. «Жаңа технологияларды пайдалану нәтижесінде жаңа үлгідегі есептік-бақылау маркаларын қолдан жасауға келмейді және сарапшылар соның арқасында марканың жасанды немесе шынайы екенін бірден анықтай алады»,- деді ол.
«Бұған дейін қолданылып келген акциздік маркалар көлеңкелі рыноктың аясын айтарлықтай тарылтуға мүмкіндік бермеді»,- деді М.Ысқақов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта