“Әке, өскен соң сізді өлтірем!”: Қызылорда тұрғыны он жастағы баласынан неге осындай сөз естіген (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Әке, өскен соң сізді өлтірем!”: Қызылорда тұрғыны он жастағы баласынан  неге осындай сөз естіген (ВИДЕО)

“Әке, өскен соң сізді өлтірем!”: Қызылорда тұрғыны он жастағы баласынан неге осындай сөз естіген (ВИДЕО)

 Қызылорда тұрғыны Ғани Кембілбековке өз ұлы "Әке, өскен соң сізді өлтірем!” деген сөзді айтқан көрінеді. Қазір ол перзенттерін көре алмай, ал балалары әкесін мойындамай жүр.

  • 13 Желтоқсан 2021
  • 6767
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Он жастағы баласынан мұндай ауыр сөзді күтпеген Ғани “Астарлы ақиқат” редакциясынан араша сұрады. Айтуынша, он жыл бірге тұрған жарымен ажырасып, балаларынан да ажырап қалған. Енді әйелі өз перзенттерін әкесіне жау қылып, қатыгездікке тәрбиелеп жатыр. «Балаңды көргің келсе ақша сал» деп экс әйелі қорқытады. Балаларын бір көруге зар боп, олардың болашағына алаңдаған әкенің жанайқайы.

Сонымен қатар Ғани Кембілбеков тоқал алып бәйбішесімен бірге бір шаңырақта тұрған екен. Ғанидің айтуы бойынша, тоқалын екінші әйелі ретінде алған. «Өтірік айтпа, 15-ші әйелімін» деп ашулы келіншек наразылық білдірді.

"Сұмдық-ай ер адамға қол көтергені несі", «Недеген масқара еркекті ұрып, «Жақсы еркектен қатын өлсін кетпейді. Жақсы әкеден бала безбейді», «Алла сақтасын, недеген сұмдық болып барады», деген пікірлер қалдырды.

 

Соңғы жаңалықтар