"Әкелеріне жалаңаш төстерін көрсеткені ұят": Қайрат Нұртастың қыздары тағы да сынға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.21
  • 590.09
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әкелеріне жалаңаш төстерін көрсеткені ұят": Қайрат Нұртастың қыздары тағы да сынға қалды

"Әкелеріне жалаңаш төстерін көрсеткені ұят": Қайрат Нұртастың қыздары тағы да сынға қалды

Қайрат Нұртас отбасымен шетелге демалысқа барды.

  • 7 Сәуiр
  • 295
Фото: instagram.com/kn_kairatt

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әншінің демалыста балаларымен түскен суреті желідегі фан парақшаларында тарап кетті. Суреттен өнер иесінің қыздарының суға түсуге арналған киімдері ашық екенін байқауда.

Желі қолданушылары Қайрат Нұртастың екі қызының төстері ашық тұрғанын тәрбиесіздікке балап, қатаң сынауда.

«Емшектерін көрсетіп, әкелерімен суға түскені ұят екен. Мұсылмандық тәрбие қайда?», «Туған қыздарымен суға түсіп жүр. Ұят жоқ», «Қыз балалары жабық киім кигені дұрысырақ болар еді. Қазір бәріне ыңғайлы киімдер бар ғой. Әкесі мен ер балалар жүрген соң», «Қыз бала әкесінің алдында төсін көрсетпейді, әкесі қыздарының алдында іш киіммен жүрмейді, ұят болады», «Қыздар төсін жапса дұрыс болатын еді», — деп жазды олар.