Әкелі-балалы Уилл Смит пен Джейден Смит «жүлдеге» қарық болды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкелі-балалы Уилл Смит пен Джейден Смит «жүлдеге» қарық болды

Әкелі-балалы Уилл Смит пен Джейден Смит «жүлдеге» қарық болды

 АҚШ-та 2013 жылдың кино саласындағы ең нашар жетістіктері үшін 34-ші "Алтын таңқурай" антисыйлығы табыс етілді.

  • 3 Наурыз 2014
  • 423
Фото - Caravan.kz


"Біздің заманнан кейін" фантастикалық боевигіне түскен әкелі-балалы Уилл Смит пен Джейден Смит "Алтын таңқурайдың" үшеуін бір-ақ алып "қарық" болды: Джейден — "Нашар актер", Уиллдің өзі — "Екінші пландағы нашар актер" атанса, екеуі бірігіп "Нашар экрандық дуэт"  атағына ие болды.
Ал фильмдердің ішінен "Муви 43" киноновелласы антисыйлық алудан көшбасшы атанды: көптеген Голливуд жұлдыздарының басын қосқан комедия "Нашар фильм", "Нашар сценарий", "Нашар режиссура" аталымдарына сай деп танылды. 
"Мэдеяның Рождествосы" ("A Madea Christmas") фильмінде әйелдің рөлін ойнаған актер Тайлер Перри "Нашар актриса" деп бағаланды. Кимберли Кардашьян "Арбау: Отбасы кеңесшісінің сыры" ("Temptation: Confessions of a Marriage Counselor") драмасындағы рөлімен "Екінші пландағы нашар актриса" аталымында ешкімге «дес бермеді».
"Жалғыз рейнджер" — "Нашар ремейк" деп танылды. 
Кinostan.kz сайтының мәліметінше, "Алтын таңқурай" 1980 жылдан бері өткізіліп келеді. Антисыйлық иегерлерін "Алтын таңқурай" қорының 800 мүшесі және Rotten Tomatoes кинорецензиялар сайтының 80 мыңдай қолданушысы дауыс беру арқылы таңдайды.
Әдетте бұл антисыйлықтың иегерлерін "Оскар" марапаттау шарасына 1 күн қалғанда жариялайды. Биылғы 86-шы "Оскар" марапаттау шарасы Астана уақытымен 2014 жылғы наурыздың 3-і күні таңғы сағат 6 шамасында өтпек.

Перейти к новостям спорта