Әкелі-балалы журналист Матаевтар ақталып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкелі-балалы журналист Матаевтар ақталып шықты

Әкелі-балалы журналист Матаевтар ақталып шықты

Жоғарғы Сот Бас прокурордың наразылығы бойынша сотталғандар Сейтқазы Матаев пен Әсет Матаевқа қатысты қылмыстық істі қарады. Бұл туралы сот органы Facebook-тегі ресми парақшасындажариялады деп хабарлайды turkystan.kz.

  • 19 Шiлде 2022
  • 18
Фото - Caravan.kz


Осы жылдың 24 маусымында Жоғарғы Сотқа келіп түскен наразылықта Бас прокурор іс үшін елеулі маңызы бар мән-жайлар бойынша сот тергеуінің толық болмауына байланысты іс бойынша шығарылған сот актілерінің күшін жоюды және қылмыстық істі апелляцияға жаңадан қарауға жіберуді сұрады.

«Бүгін, 19 шілдеде 7 судьядан тұратын Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы наразылықты қарап, сот актілерінің күшін жойды. Сейтқазы және Әсет Матаевтардың әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. ҚПК-нің 39-бабына сәйкес ақталғандардың қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеттіру құқығы танылды. Наразылық ішінара», – деп жазылған хабарламада. қанағаттандырылды.

 

Соңғы жаңалықтар