"Әкеме барып көмек сұрайтын әншілер көп": Сиви Махмуди өнердегі әріптестеріне ренжулі екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 491.68
  • 568.23
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әкеме барып көмек сұрайтын әншілер көп": Сиви Махмуди өнердегі әріптестеріне ренжулі екенін айтты

"Әкеме барып көмек сұрайтын әншілер көп": Сиви Махмуди өнердегі әріптестеріне ренжулі екенін айтты

Отандық шоу-бизнестің жарқын өкілдерінің бірі Сиви Махмуди кейбір әріптестеріне ренжулі екенін айтты.

  • 13 Наурыз
  • 12
Фото: Видеодан скриншот

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол Kezdesu бағдарламасына берген сұхбатында әкесінен көмек сұрап баратын әншілердің көп екенін айтты.

«Әкеме барып көмек сұрайтын әншілер көп. Кезінде талай әншілерге көмектескен. Аттарын атамай-ақ қояйын. Бірақ, мен кейін «мүлде көмектеспеңіз» деп айттым, өзі де көрді. Сол адамдардың біреуі жағдай сұрап келмеді. Ешкімнен ақша күтпейсің, тек әкем «тойға келіп өлең айтып кетші» деп өтініш айтқанда телефондарын алмайтындары бар. Ешкімді маңайыңызға жолатпаңыз деп айттым. Бірақ бәрібір бәрі кабинетінің алдына келіп отырады. Жыным келеді. Мен арқылы шықпайды. Номерін тауып алып, барады. Мен оған ренжимін. Сұрағы болса, менен асып кетпей, бірінші алдымнан өтсін. Міндет сияқты. Менің әкем жәй ғана кәсіпкер», — дейді ол.

Сондай-ақ, ол бұрынғы күйеуінің балаларымен араласпайтынын да айтты.

«Ажырасқан кезде балаларын іздеп келіп жүрді. Бірақ балалардың өзі сол кездесуден кейін «біз шықпаймыз» деген шешім қабылдады. Содан кейін 5 жыл болды мүлде көрген жоқ. Араласпайды, хабарласпайды, ешқандай көмектеспейді, алимент төлемейді», — дейді Сиви Махмуди.