"Әкеміз өмірден өткен күні, бірден есейдік": Ләйлә Сұлтанқызының ұлы әкесін еске алып, елді жылатты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әкеміз өмірден өткен күні, бірден есейдік": Ләйлә Сұлтанқызының ұлы әкесін еске алып, елді жылатты

"Әкеміз өмірден өткен күні, бірден есейдік": Ләйлә Сұлтанқызының ұлы әкесін еске алып, елді жылатты

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі Қайрат Беркімбаевты еске алып, эфирде жылап жіберді.

  • 25 Қыркүйек
  • 287
Фото - Caravan.kz

Тележүргізуші ұлының әкесі жайлы жылы естеліктерін естіп, көз жасына ерік берген, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Тележүргізуші мен оның ұлдары отандық танымал бағдарламалардың бірінде қонақ болған. Ләйлә Сұлтанқызы ұлының әкесі жайлы естелігін естіп, студияда жылап жіберді.

«Әкем өте жақсы адам болды. Әкеміз өмірден қайтқанда жасым 15-те болды, Сардардың жасы 13-те болды. Бала едік, бірақ әкеміз өмірден өткен күні бірден есейдік. Себебі қасымызда анамыз бар, оның қос қанатымыз, оған қамқор болуымыз керек. Есеюге тура келді, қазір әкем менің түсіме көп кіреді. Соңғы рет осы аптада кірді, түсімде қуанып, жымиып жүреді. Ақша туралы кеңестерді көп беретін, өзі бізден ақша аямайтын. Бізге ақшаны жина, көп құртпа деп жиі айтатын. Қанша жерден қатал болса да, бізге келгенде мейірімін аямады», — деп еске алды ұлы.