Аталған оқиғаға қатысты жаңа дерек тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Қазіргі таңда аталған іске қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Десе де, қазақ эстрада жұлдыздарының ішінде алғашқылардың бірі болып әнші Сиви Махмуди Кішкенбаевқа қолдау білдірді.
Ол өзінің желідегі парақшасында: «Біз сенімен біргеміз» деген қысқа ғана жазба қалдырды.
Аталған жазбаға қатысты оқырмандар пікірі де әр түрлі. Десе де олардың көпшілігі Кішкенбаевқа қолдау көрсетіп, тапсырысты жеткізушінің әкесі кінәлі деген жорамал айтуда. Олар әкесі мен баласы ақша өндіріп алу үшін, әдейі жала жабуы мүмкін деген пікір де қалдырған.

