"Әкесі келмей ме деп едік": Қайрат Нұртастың тұңғышы мектеп бітірді - kaz.caravan.kz
  • $ 511.92
  • 588.91
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әкесі келмей ме деп едік": Қайрат Нұртастың тұңғышы мектеп бітірді

"Әкесі келмей ме деп едік": Қайрат Нұртастың тұңғышы мектеп бітірді

Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың тұңғыш қыздары мектеп бітірді.

  • 23 Мамыр
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында жазба жариялап, қызына жүрекжарды тілегін арнады.

«Сезім қызым!

Бүгінгі күн сен үшін де, мен үшін де маңызы зор ерекше күн. Жыл бойы екеуміз түрлі сынақтардан, эмоциялардан, қызықты сәттерден өттік. Енді міне жемісін теретін кезеңге жеттің. Шүкір! Қадамың оң болғай.

11-сынып атанғаннан бастап менің толқуым бір сәтте сейілген емес. Иә, мойындаймын… ана болған соң уайым да болды, дегенмен де қызым, саған деген сенім одан да жоғары болғанын да жасырмаймын. Өзіңмен бірге есейіп өстім, дамыдым!

Құрметті түлектер ақ жол!», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары да Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың тұңғышын құттықтауда.

«Сезімнің жолы ашық болсын. Әкесі келмей қала ма деп едік, келіпті ғой. Қайратты көргенімізге қуаныштымыз», «Қыздарыңыз емес, сіңліңіз сияқты. Үлкен өмірге қадамы құтты болсын», «Сондай парасатты қыз, бақытты болсын»,»Қайрат келіпті ғой, көріп қуанып кеттім», — деп жазды олар.