«Әкесі оның жақсы адам!» Кентал болашақ қайын атасын жер-көкке сыйғызбай мақтады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Әкесі оның жақсы адам!» Кентал болашақ қайын атасын жер-көкке сыйғызбай мақтады

«Әкесі оның жақсы адам!» Кентал болашақ қайын атасын жер-көкке сыйғызбай мақтады

Жеке өмірін жасырын ұстауды жөн санайтын Кентал алғаш рет сүйіктісі жайлы тың ақпаратпен бөлісті.

  • 18 Ақпан 2020
  • 41
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы shownews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кентал әр клипі шыққан сайын бейнебаянға түскен аруларға сезімін білдіріп, сақина тағатын еді. Сұлу көрсе көз қырын салмай қоймайтын әнші әйтеуір өмірдегі шын ғашығын тауып, бірнеше ай бұрын үйленуге ұсыныс та жасаған. Жыл сайын құрғақ уәдемен жылы жауып қоятын өнер иесі биылдан қалмай отбасын құруға ниеттеніп жүр.

«Ол қыз енді керемет. Әкесі де оның жақсы адам. Көршінің қызы. Өте жақсы ару. Жүрегіме жақын жан. Сондықтан, құдай қаласа осы жылы үйленетін боламын. Қаншама жыл айтып едім, міне осы жылы, осы жылы үйленемін деп. Енді биыл құдай қаласа нақты», – деді Кентал.

Таяуда Кенталдың аяғына тұсау салынатыны анық. Тіпті, әнші той күнін белгілеп, дайындықты да бастап кеткен. Алайда, Талғат мерзімі мен мезгілін жасырын ұстауды жөн санап отыр. Кенжеболатовтың өмірлік таңдаған жарының есімі Милана. Ұлты түрік! Жиырмаға енді аяқ басқан бойжеткен университеттің екінші курсында оқиды.



«Ол өнерге қатысты емес. Бірақ өзі биші. Менен 14 жас кіші. Енді махаббат жасқа қарамайды ғой», – деді Талғат.

Бұл ару Кенталдың жүрегін көркем мінезімен жаулап алыпты. Ғашықтар 2018 жылдың 29-шы қазанында сауық кештердің бірінде танысыпты.
«Досымның үйлену тойы болатын. Ал, Милана сол досымның келіншегінің құрбысы. Тойда танысып, қазір біргеміз. Сүйіктімнің маған ең бірінші адалдығы ұнады», – дейді Кенжеболатов.

Жуырда отандық шоу-бизнес тағы бір жұлдызды жұппен толығатын сыңайлы. Себебі, Кентал сүйіктісін дүйім жұрттың алдына шығарып, танымалдар тізіміне қосуды көздеп жүр. Жақында Кенжеболатовтың су жаңа бейнебаянынан Милананы көріп қалуыңыз әбден мүмкін.

«Иә, бейнебаянға түсуі әбден мүмкін. Себебі ол өзі камераны жақсы көреді. Суретке де жақсы түседі. Көреміз енді. Негізі мен өз жанұямды көрсетпейтін едім, жария етіп. Бірақ, көреміз енді », – деді Кентал