"Әкесіне шет жағасын айтайын деп ем тыңдағысы келмеді": Денесі көршінің септигінен табылған бала туралы тың дерек жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
0 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әкесіне шет жағасын айтайын деп ем тыңдағысы келмеді": Денесі көршінің септигінен табылған бала туралы тың дерек жарияланды

"Әкесіне шет жағасын айтайын деп ем тыңдағысы келмеді": Денесі көршінің септигінен табылған бала туралы тың дерек жарияланды

Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай Түркістандық 4 жасар Айбардың қазасына қатысты тың дерекпен бөлісті.

  • 4 Желтоқсан 2023
  • 1099
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Күллі Түркістан жұрты 3 күн іздеп, барша ел алаңдаған 4 жасар Айбардың денесі табылды.
1/12 екі кеш арасында ойнаймын деп көшеге шыққан бала ізі-қайым жоғалды. Ол әдетте үй маңынан ұзамайтын дейді анасы Әйгерім. Ойнаса да алысқа бармай көршінің баласымен ғана бір нүктеде отырып ойнайтын, қайда кетуі мүмкін деп алаңдайды. Сол кеште-ақ полицияға хабар берілді. Балақайдың туған-туыстары мен ауыл жұрты із кесіп шықты.
Түн өтіп, таң атқанымен Айбартай табылмады. Алаңдаған жұрт белгілі экстрасенс @kamransamedov89 шығып, жөн сұрайық деп шешеді.
Кямранға қанша хабарласқанымен байланыса алмаған жұрт маған шығып сөйлесіп беріңізші деп өтінеді. Бәрі менің қолымда тұрса қане🤷‍♀️
Дегенмен, Айбардың анық фотоларын жүктеп мән-жайды жекесіне жібердім. Бір қарасам:
“Кямран өзінің Сочи жақта көшіп-қонып жүргенін айтып, байланыс нашар деді. Айбардың фотосына қарай салып он теплый, живой, ищите возле воды, далеко не ушел” дегенді жеткізіп үлгерді.
2-ші тәулік. Күндіз баланың анасымен сөйлестім. Өз айтарын видеомен жеткізуін сұрадым. Бірақ, ары қарай анасынан еш хабар болмады.
Кешке директі қарасам @kamransamedov89 : он полу теплый вижу, половина теплый, половина холодный, надо спешить Гульмира ханым, воду вижу, влага, дом, недалеко” депті.

Баланы жақын жерден, су маңынан іздеңіздер, деп сториске салып қойдым. Бірден @turkistan_polisia барлық ақпарат назарға алынғанын жеткізді.
Жалпы, менің байқағаным егер, кенеттен балаңыз жоғалып ол су маңында десе есте болсын❗️
Су деген жылтыраған үлкен айдын көл, өзен ғана емес❗️Кішкентай лоток, канал, септик, люк, шалшық, тіпті, көршінің дәретханасы болуы да бек мүмкін. Су дегені ылғал дегенді білдіреді екен.
03/12. 01:50 Кямраннан тағы бір смс келіпті, сумен байланысты жерде жатыр бала, вряд ли живой деп қосыпты.
Әкесіне шет жағасын айтайын деп ем тыңдағысы келмеді, анасымен қазірге дейін 3 рет байланыстық, оған соңғы смсті айтуға бата алмадым.
03/12/23
Сағат 15-терде бүкіл ел-жұрт бірнеше шақырымнан іздеген Айбардың денесі көршінің септигінен табылды.
Қош, періште.
Қара жамылған отбасыға қайғыра көңіл айтамын", — деп жазды Гүлмира Әбіқай.