Осы тұрғыда психоаналитик, Орталық Азия психоанализ институтының директоры Анна Құдиярова Caravan.kz медиа порталының тілшісіне педофилия жайлы тарқатып айтып берді.
— Қазақтың ағалары, шалдары ұятсыз болып бара жатыр, дейді талай жайттың куәсі болған психолог.
— Педофилияның құрбаны болатын тек қыздар емес, ұлдар да бар. Ұл балалар кейін гей болып кетеді.
Бір мектептің директоры бар. Өзі намазхан. Баласын үш жыл зорлап келген. Кішкентайынан бастағаннан кейін, «Еее, барлық әке баласын осылай жақсы көреді» деп түсінген. Бұл норма деп қабылдаған. Ол балақай маған келген. Қабылдауымда болды. Ол кезде 8-9 жас шамасында еді. Мен ойлаймын сондай жігіттер гей болып кетеді. Біздің орталыққа алып келген, мүмкін көмегі болып қалған шығар.
Сонымен қатар, психолог зорлық-зомбылықты әу бастан бар екенін айтты.
Зорлық зомбылықтың тоқтамы бола ма, дәл осылай жалғасын таба ма деген сұраққа, Далай-ламаның идеясын ұстану керектігіне тоқталды.
— Тоқтам бар. Мен Далай-ламаның бір идеясы бар. Мен онымен толықтай келісемін. Оның айтуынша, қазір бастауыш мектепте жүрген балаларды біз медитацияға үйретсек, сол балалардың немерелері ешқашан дауыс көтермейтін, жұдырық көтермейтін бала болып өседі екен. Үйде не көрсең дегені ғой. Сол Далай-ламаның идеясын Ұлыбритания, Еуропаның кейбір мемлкеттері өте жақсы қолға алып, мемлекекттік бағдарлама оқыту министрлігі арқылы әрбір мектепте, әрбір сыныпта майнд фитнес деген сабақ кіргізді. Осы сабақтар бізге де керек, деп үлкен ұсыныс-пікір білдірді.
Педофилия қандай ауру?
"Педофилды қалай анықтауға болады?" деген сұрақ жиі қойылады. Өкінішке қарай, көрші, туыс, танысың, тіпті, досың да болуы мүмкін. Олар қарапайым адамға ұқсайды, мінезі тұйықтау болады. Көбіне өз қызығушылықтарын жасырады.
"Зорлаушының көзімен" атты зерттеуінде Нина Сюзан Томас, бізге керек көптеген сұраққа жауап берді.
1. Зорлаушы ең біріншіден, шашқа мән береді. Көп жағдайда олар шашы жиналған қыздарды таңдайды. Себебі ұстауға жеңіл. Сондай-ақ, шашы қысқа қыздар шашы ұзындарға қарағанда, олардың мақсатына айналмайды.
2. Екіншісі – киім. Көбіне шешіндіруге оңай қыздарды іздейді. Киімді кесу үшін өздерімен бірге, қайшы ұстайды екен.
3. Ұрлауға немесе шабуыл жасауға ең танымал жері – көлік тұрағы немесе сауда орталығындағы азық-түлік дүкендері.
4. Осындай адамдардың басты мақсаты – қызды ұрлап алып, басқа жерге орналастыру.
5. Егер де педофилге қарсылық танытса, олар зорлайтын ынтасын жоғалтады.
6. Қыздың қолында қолшатыр немесе соған ұксас зат болса, оның артынан жүрмейді.
Ата-ананың басты мақсаты – педофилды анықтау емес, өз баласына мұқият қарау. Кей жағдайда педофилдер баланы қорқытып, жылдар бойы қорлауы да мүмкін. Сондықтан баланы тыңдау білу керек, өйткені бала ата-анам жазалайды деген оймен бәрін жасырып жүруі мүмкін.
Педофилдер жан-жақты емді қажет етеді, әйтпесе оның салдары қайғылы болуы мүмкін. Педофилия – ең бірінші кезекте шизофрения сияқты психикалық ауру, осыны түсіну маңызды.
Қазіргі таңда, елімізде кәмелеттік жасқа толмағандарды зорлаған 1600 адам жазасын өтеп жатыр.