Ол әйгіл музыка зерттеушісі, композитор, Қазақстаның халық әртісі, академик Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 29 сәуірдегі туған күніне орай, Алматы қаласының «Мәдениет жылы» аясында ұйымдастырылып отыр.
Концертке үрлемелі және ұрмалы аспаптар, симфониялық және камералық оркестрлер мен «Ақ желең» этнофольклорлық ансамблі және халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары қатысады. Онда сондай-ақ, мектеп-интернаттың «Giovani talenti» камералық оркестрі мен «Ақ желең» этнофольклорлық ансамблі күй тартысын көрсетпек.
Бұл өнер ордасы ширек ғасырға жуық өз тарихында 1 мыңнан астам музыка саласының мамандарын дайындады. Олардың 500-ден астамы халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаз атанды. Бүгінгі таңда мектеп түлектерінің 500-ден астамы еліміздегі түрлі деңгейдегі музыкалық оқу орындарында ұстаздық қызмет жасауда.