Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Сектаға кіріп кеткендердің аузынан: "Мені не сонда, сектант деп айтқың келіп тұр ма?".. "Мен сектаға кіріп кететіндей соншама топаспын ба" деген сөзді талай естідім..
Осы жасымда есі дұрыс, жоғары білімі бар, тіпті ғылым докторларларынң түрлі сектелардың табынушысы, яғни "адепті" болып кеткенін көріп жүрміз..
Саят Ыбырай деген ғалым бауырымызға құрметім жоғары еді. Салафиттер түрмеге тыққанда жаны ашып, аһ ұрмаған қазақ аз болып еді..
Енді сол ғалым баурымыздың Исматулланы пір тұтып, сол сектаның табынушысы "адепті" болып кеткенін қалай түсіндірге болады?
Исматулланың Путинді Махди деп танып, жариялағанан кейін бірдеме түсінуге болар еді ғой..
Сектаның басты қаупі пірі тыр жалаңаш жүрсе де, басына кәк етіп жатса да "адепттері" ақтап алады(((
Сондықтан қандай да бір ілімге бас ұрарда 7 рет өлшеп, сыни, рационалды ойлау қабілетіңізді барынша қосыңыз, интернетті шарлап ол ілім жайлы ізденіңіз", — деп жазды Ахметбек Нұрсила.
Естеріңізе сала кетейік, ғалым Саят Ыбырай 2011 жылы "қылмыстық топ құрды" деген айыппен 12 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 2018 жылы шартты түрде түрмеден босап шыққан болатын.