Ахметжан Есімовтің қыздары қай жерлерде көрініп жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ахметжан Есімовтің қыздары қай жерлерде көрініп жүр

Ахметжан Есімовтің қыздары қай жерлерде көрініп жүр

Алдағы сенбіде Астанада халықаралық "ЭКСПО" көрмесі басталады. Осы ірі шараны өткізетін "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясын Ахметжан Есімов басқаратыны мәлім. Еліміздегі қайраткерлердің балаларының қалай өмір сүріп жатқаны туралы жиі жазып жүрген Caravan.kz медиа-порталы енді Есімовтың қыздары жайында әңгімелегенді жөн көріп отыр.

  • 7 Маусым 2017
  • 8617
Фото - Caravan.kz

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы, Алматы қаласының экс-әкімі, бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Смағұлұлы Есімовтің екі баласы бар. Ол әйелі Сара екеуі Ғалия және Айжан есімді қыздарын тәрбиелеп өсірді.  

Галия Есимова, фото Buro247

Ғалия Есімова. Buro247 фотосы

Ғалия Есімова 1977 жылдың 14 желтоқсанында туылған. 2005 жылы Өркен Есей деген кәсіпкерге күйеуге шықты. Zakon.kz порталының жазуынша, олар "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортында ұлан-асыр той жасаған.   

Высокогорный курорт

"Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты. Көрнекі фото

Ғалия Есімованың күйеуі Өркен Есей 1975 жылы дүниеге келген. "YESSEY Group", "Нұр Дала" ЖШС-ларының құрылтайшысы. Ол 2011 жылы спортты қолдау және дамытуға үлес қосқаны үшін "Алтын Жүрек" қайырымдылық сыйлығын иеленді.

Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. 

Депутаты маслихата ЮКО, фото Otyrar.kz

ОҚО мәслихатының депутаттары. Otyrar.kz фотосы

Ғалия Есімова мен күйеуі сән-салтанатты шаралардан кетәрі болған емес.

Өркен Есей өткен жылы Seven клубында Rolls-Royce "ультралюкс" санатындағы автокөлік иелеріне арналған жабық кеште төбе көрсетті.  

Пьер Либэсар (The St. Regis), Есей Оркен и Аскар Билисбеков (Rolls-Royce Motor Cars Almaty), фото Hommes.kz

Пьер Либэсар (The St. Regis), Есей Өркен және Асқар Білісбеков (Rolls-Royce Motor Cars Almaty). Hommes.kz фотосы

Ал Ғалия Алматыдағы еуропалық жаңа Crudo стейк-хаусының ашылау салтанатына барды.

Фото с открытия

Ашылу салтанатынан фото

Апалы-сіңлілі Есімовалар сән-салтанатты шараларға бірге барады. 2015 жылы Ғалия мен Айжан суретші Ербосын Мелдібековтің "Вечное возвращение" атты көрмесіне де бірге келді.

Галия и Айжан Есимовы (в центре), фото BLVD

Ғалия және Айжан Есімовалар (ортада). BLVD фотосы

Ал төменде Ғалия мен Айжанның Scavia бутигінің ашылған күніне барған сәті көрсетілген.

Айжан Есимова, Айгерим Джумадиллаева, Айдана Уразиманова, Галия Есимова, фото Buro247

Айжан Есімова, Айгерім Жұмаділлаева, Айдана Оразиманова, Ғалия Есімова. Buro247 фотосы

Айтқандай, апалы-сіңлілі Есімовалардың екеуінің де "ҚазАгро" ұлттық холдингінде үлестері болған.   

Скриншот с сайта

Ұлттық банктің ресми сайтынан скриншот

Енді Ахметжан Смағұлұлының кіші қызы — Айжанға тоқталайық.

Айжан Есимова на трехлетии журнала Forbes, фото Buro247

Айжан Есімова Forbes журналының үш жылдығына келді. Buro247 фотосы

Айжан Есімова 1981 жылдың 29 тамызында туылған. Ғалияның сіңлісінің де күйеуі осал жігіт емес. Яғни Айжанның жұбайы — "АТФБанк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.    

Галимжан Есенов, фото из открытых источников

Ғалымжан Есенов. Фото ашық дерек көзінен алынды

Бұл жұбайлар Аллен есімді ұлдарын тәрбиелеуде.

Айжан Есімова Айнұр Мәмимен бірге "Я сам" балалардың білім беру орталығын иеленіп отыр. Радиоточка ақпараты бойынша, Айжан Алматының Асқаров көшесінде орналасқан балалардың білім беру орталығын басқарады.    

Аида Алиева, Айжан Есимова, фото Buro247

Аида Әлиева, Айжан Есімова. Buro247 фотосы

Comode порталының жазуынша, Айжан мен күйеуі отбасылық өмірі туралы ақпарат құралдарына айтпайды. Алайда бұл Айжан Есімованың сән-салтанатты шараларға қатысуына еш кедергі емес. 

Қымбат көліктерге деген қызығушылық осы әулеттің ерекшелігіне айналған сияқты. Айжан 2014 жылы Алматыда алғашқы Rolls-Royce шоу-румының ашылу рәсіміне барыпты.  

Олеся Клебанова, Игорь Верник, Айжан Есимова, фото Nespi.kz

Олеся Клебанова, Игорь Верник, Айжан Есімова. Nespi.kz фотосы

Айжан 2014 жылдың желтоқсанында Arte di Casa үйінде ұйымдастырылған "ақпараттық коктейль" атты шараға да қатысқан.

Arte di Casa үйінде Armani Casa, Fendi Casa, Etro Home, Ralph Lauren Home, Donghia, Cappelini intaglio, Agresti, Di Liddo & Perego және Rubelli сияқты әлемдік брендтер қойылған. 

Айжан Есимова (справа) на спецпоказе фильма

Айжан Есімова (оң жақта) "Диор и я" фильмінің арнайы көрсетілімінде. Buro247 фотосы

Редакция ескертуі: Барлық ақпарат ашық дерек көздерінен алынды.