“Әкім байың болса, барлығы жетіп келеді”: Мақпал Жүнісова жеке өмірінен сыр шертті - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+14 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Әкім байың болса, барлығы жетіп келеді”: Мақпал Жүнісова жеке өмірінен сыр шертті

“Әкім байың болса, барлығы жетіп келеді”: Мақпал Жүнісова жеке өмірінен сыр шертті

Әлеуметтік желіде Мақпал Жүнісованың достар туралы айтқан сөзі тарады.

  • 21 Сәуiр
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Желіде тараған видеода өнер иесі концертте достары туралы сыр шерткен.

“Жылдар өте достардың қатары сирейді екен. Оның сырын кейде түсінемін, кейде түсінбей қаламын. Қиындықта, басыңа күн туғанда достар қашып кетеді екен де, қасыңда әкім байың болса, барлығы жетіп келеді екен. Оны да түсіндім. Сондықтан қиындықта да, қуанышта да достарыңыз адал болып, жандарыңыздан табылсын, құрметті ағайын”, — деді ол ән кешінде. 

Әншінің бұл сөзіне қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдіруде. 

”Бетке айтқанның айыбы жоқ, апамыз шындықты айтты”, “Сіздің досыңыз да жақыныңыз да халық қой”, “Ия, қазір ақшаң болмаса досың да, туысың да керек қылмайды”, “Өзіңіз де бір кездері ұя бұздыңыз, соның да әсері шығар”, — деп жазды олар.