Мемлекеттік сатып алу порталындағы мәліметке сүйенсек, әкімдік аппараты алғашында шамамен 70,9 млн теңгеге (70 880 000 тг) үш автокөлік сатып алуды жоспарлап, лот жариялаған. Алайда тек оның екеуі бойынша конкурс ойнатылып, жеңімпаз ретінде бір компания анықталған. Оның бірі 37 290 000 теңгенің көлігі болса, екіншісі 19 900 000 теңге тұратын автомобиль, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы .otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Түркістан қаласы әкімдігінің мәліметінше, қазіргі таңда тапсырыс беруші мен жеткізуші арасында келісімшарт түзілген, әзірге көліктер жеткізілмеген. Себебі жеңімпаз компания қос көлікті тапсырыс берушіге Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында шарт тіркегеннен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде жеткізіп беруі тиіс.
