"Әкім тоқтамай кетті": Ақтөбе облысының әкімімен сапарға шыққан журналистердің көлігі аударылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әкім тоқтамай кетті": Ақтөбе облысының әкімімен сапарға шыққан журналистердің көлігі аударылды

"Әкім тоқтамай кетті": Ақтөбе облысының әкімімен сапарға шыққан журналистердің көлігі аударылды

Ақтөбе облысының әкімі өзімен сапарға бірге шыққан журналистердің көлігі аударылғанын біле тұра, тоқтамаған.

  • 28 Қаңтар 2020
  • 7826
Фото - Caravan.kz


Тәртіп сақшыларының ескертуін елемей, ақ түтек боранда Оңдасын Оразалин аудан аралауға шығады. Ал тілшілер мінген «Тойота хайс» қатты жылдамдықпен жүйіткіген әкім көлігіне ере алмай, төңкеріліп қалды, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы КТК арнасына сілтеме жасап. 

"Облыс басшысымен алдын ала көліктің алдында полиция патруль машинасы болды. Бәрі бірге шықты. Енді бұл автокөлік артында қалып қойған. Ауа райының қолайсыздығына, жүргізушінің жол көлік оқиғасына осындай тап болуына байланысты жағдай тіркелді",- деді. Ақтөбе облысы әкімі аппаратының жетекшісі Нұржауған Қалауов.

Аударылған көлікте аймақтағы үш редакцияның тілшілері мен облыс әкімі баспасөз қызметінің өкілдері болған. Шенеуніктер сол күні «жол ашық болды» деп ақталуда. Бірақ мұны көлікте болған журналистер де, жауапты мекеме өкілдері де жоққа шығарып отыр. Тәртіп сақшылары жол бойында оларды үш рет тоқтатып, ескерту де жасаған. Бірақ әкімнің баспасөз хатшысы бастығының соңынан қалмай жүруді бұйырып, жүргізушнің жылдамдықты асыруына тура келіпті. Сөйтіп аударылған. Ал апаттың қатты болғаны сонша, бір тілшіні терезеден бірнеше метрге лақтырып жіберген. Қазір көлік жүргізушісі ауыр хәлде. Тағы бір журналист облыстық ауруханада ем алып жатыр. Ал Оңдасын Оразалин сапарға бірге шыққандардың апатқа ұшырағанын біле тұра, артына қайырылмапты. 
 

Соңғы жаңалықтар