Ол әлеуметтік желідегі кезекті жазбасында алдымен притондарды құрту керек екенін еске салды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Айгүл Орынбек әкімдердің әлі тек әйелдер мен жезөкшелерге жететінін жеткізді. Шахмат фигуралары сияқты үнемі ауысып жүретін ол биліктегі, жүйедегі былықтарға күштері жетпеген соң, жезөкшелер мен әйелдермен алысып жүр дейді.
«Мықты болсаң жезөкшелермен емес оны ұстап отырған притондар мен алыс. Притондарды сауналарды «крышовать» ететін көкелерді (прокурортура, полиция басшыларын) құрт!
Себебімен емес, салдарымен күресетін механизмдерің менің миымның мишықтарын ауыртады. Әйтеуір жұмыс істеп жатыр деген атаққа ілінсеңдер болды. Біздің елде бәрі нәзік жандылармен күрескіш болып кетті. Салафиттер әйелдердің киімімен, әкімдер үйде отырған, көшеде жүрген әйелдермен алысып хит болып жатыр. Шынында да басқа проблема қалмады ма мемлекетте?
Әлде көздерің көр, құлақтарың керең болып қалған ба?», – деп жазды ол.