Әкімдер де маған газ мәселесін айтып жүгінеді, ал ол жоқ - Президент - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкімдер де маған газ мәселесін айтып жүгінеді, ал ол жоқ - Президент

Әкімдер де маған газ мәселесін айтып жүгінеді, ал ол жоқ - Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі нарыққа газ жеткізу мәселесі басымдыққа ие болуы керек екенін айтты.

  • 21 Қаңтар 2022
  • 15
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, Үкімет мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, телекоммуникация нарығы, фармацевтика және басқа да салаларда тәртіп орнатуы керек.

"Жаңа өндірістерді ынталандыру үшін табиғи газбен жабдықтау да ерекше маңызға ие. "Самұрық-Қазынаны", оның газ бөлімшелерін реформалау шеңберінде ішкі нарыққа газ жеткізуге басымдық беру керек. Енді кәсіпкерлер ғана емес, өңір әкімдері Үкіметке, тіпті маған да индустриялық жобаларды іске асыру үшін газ бөлу мәселесін айтып жүгінеді, ал ол жоқ. Отандық өндірістерді іске қосу үшін пайдаланудың орнына газды экспортқа шығаруға жол берілмейді", — деді Тоқаев кездесуде.