"Әкімдер елді дəрімен жарылқап тастадық дейді. Қып-қызыл өтірік!": Белгілі журналист шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әкімдер елді дəрімен жарылқап тастадық дейді. Қып-қызыл өтірік!": Белгілі журналист шындықты айтты

"Әкімдер елді дəрімен жарылқап тастадық дейді. Қып-қызыл өтірік!": Белгілі журналист шындықты айтты

Танымал журналист Серік Жанболат президентке есеп берген әкімдердің жалған сөйлегенін айтады. Оның пайымдауынша аймақтарда әлі күнге дейін дәрі тапшылығы қатты сезіліп тұр. 

  • 29 Шiлде 2020
  • 1661
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Əкімдерді айтамын, Президенттің алдында шімірікпестен соғады,ə? Беті бүлк етпейді. Ағайын-ау, Алматы, Астана, Шымкенттің арасында сабылған жұрт əлі бір-біріне дəрі-дəрмек тасумен жүр. Аса қажет дəрілер жоқ болған, əлі де солай. Мысалы, Семейде қатты ауырып жатқан апайыма қажет дəріні бүгін Алматыдан күні бойы іздеп таба алмадым. Шымкенттен табылып еді, оның тасымалы қиын болды. 8 градуста сақтау керек екен. Алыс-жақындағы таныстарды жұмылдырып, ол дəріні Астанадан таптық. Енді оны Семейге жеткізу керек. Сөйтсек, ұшақта басы артық дəрі алып жүруге болмайтын тиым салынған дей ме? Əйтеуір, күні бойы дəрі операциясымен айналыстым. Ал, бүгін есеп берген əкімдер елді дəрімен жарылқап тастадық дейді. Өтірік! Қып-қызыл өтірік! Мен осыған куəмін. Олар аймақтағы жағдайды толыққанды білмейді. Президенттің алдында есеп берсек, іс бітті деп ойлайтын болуы керек. Ал, мынау індеттің бетін қайтаруға жарайтын ең қажет дəрілерді іздеген жұрт əлі сабылып жүр. Шындық осы!", деп жазды Серік Жанболат. 

Соңғы жаңалықтар