Әкімдер мен сенат депутаттарының сайлауын демократиялық сайлау деп атауға келмейді - "Election and Democracy" - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкімдер мен сенат депутаттарының сайлауын демократиялық сайлау деп атауға келмейді - "Election and Democracy"

Әкімдер мен сенат депутаттарының сайлауын демократиялық сайлау деп атауға келмейді - "Election and Democracy"

Әкімдердің сынақ түріндегі сайлауы мен сенат депутаттарының сайлауы нақты қоғамдық сұраныстың айнасы бола алмайды, демек, бұл сайлауларды демократиялық сайлау деп атауға келмейді. ҚР заңнамасына, БАҚ-тардағы ресми мәліметтерге және жергілікті бақылаушылардан келіп түскен ақпараттарға талдау жасаған Сайлауларды бақылау жөніндегі "Election and Democracy" халықаралық қауымдастығының сарапшылары осындай тұжырым жасап отыр.

  • 24 Тамыз 2005
  • 432
Фото - Caravan.kz

Мәселен, қауымдастық сарапшыларының пікірінше, Қазақстан заңнамасы азаматтардың сайлауға қатысу мүмкіндігін шектейді. Атап айтсақ, әкімдер мен сенат депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығының негізінде жүзеге асырылады. Бұл сайлауда дауыс беруге тікелей сайлаушылар емес, сайланған өкілетті билік өкілдері қатысады. Ал әкімдер сайлауына небәрі 12-13 жанама сайлаушы, немесе мәслихат депутаттары қатысты. Демек, «осындай жанама сайлаушылар санының шектеулілігі қазіргі еліміздегі демократиялық даму сатысында халықтың түрлі топтарының мүддесін толыққанды паш етіп көрсете алмайды»,- дейді сарапшылар.

«Әкімдер мен сенат депутаттарының сайлауындағы бәсекелестік жасанды сипатта өрбіді. Бұл дегеніңіз сайлау нәтижесі биліктің жоспарына сай келгенін дәлелдейді»,- дейді қауымдастық сарапшылары.

Перейти к новостям спорта